Президент "7-20-25" бағдарламасын жалғастыру туралы тапсырма берді – вице-министр

Sputnik
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Қазақстанда арзан ипотекамен үй алуға мүмкіндік беретін "7-20-25" бағдарламасы жалғасады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Еркебұлан Дауылбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Мемлекет басшысы "7-20-25" бағдарламасын жалғастыру жөнінде тапсырма берді. Бұл президенттің сайлауалды бағдарламасында айтылған", - деді Дауылбаев сенат кулуарында.
Бағдарламаға қосымша қаржы бөліне ме деген сұраққа вице-министр жауап бермеді. Бұл туралы толығырақ Ұлттық банктен білуге болатынын нақтылады.
Бұған дейін "7-20-25" бағдарламасы 1 трлн теңге мөлшеріндегі ақшалай лимит толығымен игерілгеннен кейін жабылатыны хабарланған еді.
27 қазандағы жағдай бойынша қазақстандықтарға 745,5 млрд теңгеден астам кредит берілді. Әлі игерілмеген 250 млрд теңгеден астам ақша бар.