АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путиннің "елді мобилизациялау" туралы жариялауы тиіс жолдауы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлады РИА Новости генттігіне ресейлік мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Бұл туралы бұған дейін БАҚ ақпарат таратқан болатын.
Ресей Федерациясының қорғаныс министрлігі қазан айының соңында ішінара майданға шақыру аяқталғанын хабарлады. Өйткені жоспарланған 300 адам әскерге алынды. Ресейде мобилизация 21 қыркүйекте жарияланды.
Путиннің Федералдық жиынға жолдауы 2022 жылдың соңына жоспарланған. Бірақ, нақты қай күні өтетіні әзірше белгісіз.