Өңірлер

Атырауда ұйымдасқан қылмыстық топтың лидері ұсталды

Sputnik
АСТАНА, 25 қараша – Sputnik. Көлік полицейлері есірткінің ірі партиясын тасымалдаған атыраулық ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісін ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жедел іс-шараларын жүргізу барысында Алматы қаласынан Атырау қаласына дейін теміржол көлігімен есірткі тасымалын ұйымдастырған ер адам мен екі әйелді ұстады.
Атырау қаласының 49 жастағы тұрғыны ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі болып шықты.
Арнайы шаралар барысында ірі көлемде есірткі затын тасымалдағандар мен оны алған адам ұсталды. Жалпы салмағы 327 грамм гашиш тәркіленді.
Ұсталғандар бұған дейін әртүрлі бап бойынша сотты болған.
Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, материал сотқа жіберілді.
Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының үкімімен сотталушылар 5 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.