АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Жаңаөзенде дене шынықтыру мұғалімінің оқушыларды ұрған сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды "Лада" порталы.
№5 мектеп-гимназияда дене шынықтыру сабағы кезінде болған оқиға желіде тарап жатыр. Видеодан ер мұғалімнің балаларға айғайлап, біреуінің шашынан тартқанын, ал екіншісін тепкенін көруге болады.
Жаңаөзен қаласының білім бөлімі бұл жайт ерекше бақылауға алынғанын мәлімдеді.
"Қазіргі таңда арнайы комиссия құрылды. Тексеріс қорытындысы бойынша құқықбұзушылыққа жол берген тұлғаларға қатысты қатаң шара қолға алынады", - деп атап өтті білім бөлімі.