Синоптиктер 25 қарашадағы ауа райын болжады

Sputnik
АСТАНА, 24 қараша - Sputnik. Қазгидромет 25 қарашадағы ауа райына болжам жасады.
Атлантикалық циклонның өтуіне байланысты елдіңі басым бөлігінде қар түрінде жауын-шашын сақталады. Батысында антициклон жотасымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында бұрқасын күтіледі.
Ақмола облысының оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), Қарағанды облысының солтүстігінде, түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының шығысында, күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде - қатты қар жауады.