"Шытырлаған ақша ғой": сенатор халықтың қолдағы пайданы қалай өртеп жатқанын айтты

Sputnik
АСТАНА, 24 қараша - Sputnik. Сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед жаңадан құрылған облыстан тері және жүн өңдейтін жаңа зауыт ашуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сенатордың мәліметіне сәйкес, 1986 жылы Қазақстанда қойдың саны 39 миллионға жеткен.
"Енді, мына бүгін үкіметтің берген мағлұматтарына қарасам, біз 30 жылдың миллиардтаған, триллиондаған теңгенің қаражатын беріп жүріп, Қазақстандағы қойдың санын 23 миллионға әлі жеткізе алмай жүр екенбіз. Ауыл шаруашылығы министрлігінің нақты мағлұматына сәйкес, Қазақстанда қойдың саны 22,8 миллион басты құрайды", - деді Құл-Мұхаммед сенаттың жалпы отырысында.
Осы орайда депутат тағы бір маңызды мәселені көтерді. Қазақстанда жыл сайын миллондаған бас мал сойылады. Барлығынан тері де, жүн де алынады.
"Әр қойдан, шамамен, 2,5-4 келі жүн қырқылатын болса, миллиондаған тонна жүн шығады. Бірақ, масқара болғанда, мен осы көп ауылдардан өз көзімен көрдім, осы жүнді жинап алатын адам жоқ. Сол жүнді, былайша, айтқанда, шытырлаған ақша, арнайы бір шұңқырға өрттейтін жағдайда дейін жеткен", - деп атап көрсетті Құл-Мұхаммед.
Сенатор Ұлытау облысында тер өңдейтін және жүн жуатын жаңа зауыт ашу қажет деп санайды.