Қарағандыда Үндістан азаматын ұрлап әкеткен - полиция оны Астанадан тапты

Sputnik
АЛМАТЫ, 24 қараша - Sputnik. Қарағандылық полицейлер Үндістан азаматын ұрлап әкеткендерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды полициясына 27 жастағы Үндістан азаматы шағымданған.
Оның айтуынша, белгісіз біреулер күштеп автокөлікке отырғызып, Астана қаласына алып кеткен. Елордада шетел азаматын пәтерге апарып, қорқытып, күш көрсетіп, босату үшін 200 мың АҚШ долларын талап еткен.
"Арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Астана қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірі анықталып, ол жерден бопсалау, адамды ұрлап әкету күдігімен жастары 26 мен 34 жас аралықтарындағы төрт Өзбекстан азаматы ұсталды. Қазіргі уақытта адам ұрлау, заңсыз бас бостандығынан айыру және бопсалау баптарымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр", – деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.