АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Президент сайлауында Қазақстан халқының Ресеймен одақтастық қарым-қатынасты дамытуға бел буған мықты көшбасшыға дауыс бергені Батысқа ұнамайды, деп мәлімдеді Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин.
"Бұл тұжырымдарды саясаттандырылған және біржақты деп қана бағалауға болады. Миссия құрамында жұмыс істеген ресейліктерден біз батыстық бақылаушылардың Қазақстандағы сайлау қалай өткеніне қарамастан, сыни баға беруді көздегенін білеміз", - деді Бородавкин Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро бақылаушылары дауыс берудің қалай ұйымдастырылғанын немесе сайлау процесінің қаншалықты демократиялық сипатта екенін байқамайды.
"Олар Қазақстан халқының Батысқа үшін "тиімді" тұлғаны емес, өз елінің егемендігін нығайтуға бел буған және оның негізгі мүдделерін, оның ішінде Ресеймен одақтастық және интеграциялық байланыстарды дамыту жақсы түсінетін қуатты және тәуелсіз көшбасшыны таңдағанына көңілі толмайды", - деді дипломат.
ЕҚЫҰ ДИАҚБ бақылаушылар миссиясы өзінің алдын ала есебінде дауыстарды санау процесі ашық болмағанын мәлімдеді. Сондай-ақ сайлауда бәсекелестік болмады, бейбіт жиындар мен сөз бостандығын шектеу сын айту аясын тарылтты.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі бұл мәлімдемелерге қатаң жауап берді. Ведомстводағылар бұл мәлімдемені негізсіз және біржақты деп атап, бұл "ЕҚЫҰ-ның маңызды институты ретінде ДИАҚБ қызметінің тиімділігіне күмән тудыратынын" айтты.