Елордада мұз үстіндегі мысықты құтқармақ болған бала суға құлап кетті

Sputnik
АЛМАТЫ, 24 қараша - Sputnik. Елордада 11 жастағы бала мысықты құтқарам деп суға құлап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Абырой болғанда сол маңда серуендеп жүрген тұрғын көріп қалған. Өзенде ашық қызыл түсті бас киімді байқаған ол иығына дейін суға батып, жанталасып жатқан баланы көреді. Әйел дреу сол жерге жүгіріп барады.
"Өкінішке орай, мен жүзе алмаймын, бірақ қазір сені алып шығамыз деп барынша баланы жігерлендіруге тырыстым. Осы сәтте мен балаға мұзды судан шығуға көмектесу үшін жолға жүгіріп, көліктерді тоқтата бастадым. Содан кейін жүргізушілермен бірге баланы өзеннен шығарып алдық. Бұл оңай болған жоқ, баланың киімі су болып қалған, ауыр рюкзагі әбден суға толып оны төмен қарай тартқан. Бала соншалықты қорқып қалған", – дейді Елена Викторовна.
Бала дереу ауруханаға жеткізіліп, қажетті медициналық көмек көрсетілді. Қазір баланың денсаулығы жақсы. 11 жастағы бала жаттығудан шыққаннан кейін Ақбұлақ өзенінің бойымен үйіне бара жатып, мұзда отырған мысықты көреді. Бала мысыққа қарай төмен түсіп, жұқа мұзды басқан бетте, мұз бірден жарылып, бала суға түсіп кетеді.
Баланың анасы мен полиция қызметкерлері мен әйелге үлкен алғыс білдірді.