Абай облысында Камаз бен жеңіл көлік соқтығысты

Sputnik
АСТАНА, 24 қараша - Sputnik. Абай облысында жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол апаты 24 қараша сағат 07:00 шамасында болған. KIA автокөлігінің жүргізушісі Омбы – Майқапшағай автожолының 702-шақырымында КамАЗ автокөлігімен соқтығысты.
Жол апаты салдарынан Kia автокөліктің жүргізушісі аудандық ауруханаға жатқызылды.
Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды.