ҰҚШҰ елдері ауған бағытындағы жұмысты үйлестіруді жалғастыруы керек – Путин

Sputnik
АСТАНА, 23 қараша - Sputnik. ҰҚШҰ елдері террористік қауіптерді дер кезінде анықтау үшін ауған мәселесінің барлық аспектісі бойынша жұмысты тығыз үйлестіруді жалғастыруы керек, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин.
"Біз Ауғанстан проблемасының барлық негізгі аспектісі бойынша ҰҚШҰ аясында одан әрі тығыз үйлестіруді аса қажет деп санаймыз. Терроризм, экстремизм және есірткі қылмысының қаупін уақтылы анықтау үшін құзырлы қызметтер арқылы тығыз жұмысты жалғастыру қажет. Сонымен қатар, тиімділігін дәлелдеген бірлескен арнайы операциялардың және жедел шаралардың көмегімен бұл қауіптерді бейтараптандыру керек", - деді Путин шағын құрамдағы ҰҚШҰ саммитінде.
Владимир Путин Ауғанстандағы жағдай әлі күрделі екенін, содырлардың ҰҚШҰ елдерінің аумағына кіру қаупі жоғары екенін айтты.
"Ауғанстандағы жағдай туралы айтқан әріптестерімнің алаңдаушылығымен келісемін. Ол күрделі күйде қалып отыр. Түрлі халықаралық лаңкестік ұйым содырларының ҰҚШҰ мемлекеттерінің аумағына ену қаупі әлі де жоғары, ал Орталық Азия елдерінің халқы арасында экстремистік идеологияның таралу қаупі өңірде радикалды әрекеттің ұлғаю қаупін арттырады", - деді Путин ҰҚШҰ-ның шағын құрамдағы саммитінде сөйлеген сөзінде.