Өткен тәулікте 92 адамнан коронавирус анықталды

Sputnik
АСТАНА, 23 қараша - Sputnik. Өткен тәулікте 92 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
23 қарашадағы мәлімет бойынша, 771 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 120 пациент стационарда, 651 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Коронавирусқа шалдыққандардың арасында:
6 адамның жағдайы ауыр
2 пациенттің жағдайы өте ауыр
1 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.