АСТАНА, 22 қараша — Sputnik. Кезектен тыс президент сайлауында жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі 26 қарашада өтеді, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы.
Орталық сайлау комиссиясы 20 қарашада өткен президент сайлауының соңғы нәтижесін жариялады. Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 81,31% дауысын жинады. Ол үшін 6 456 392 адам дауыс берген.
Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының президенті ретінде тіркеді.
"Сайланған Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ант беру күні 2022 жылғы 26 қараша болып айқындалып отыр", - деді комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров.