Президент сайлауы - 2022

Тоқаев жеңіске жетті – сайлаудың қорытындысы жарияланды

Sputnik
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының соңғы нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, халықтық коалиция атынан ұсынылған Қасым-Жомарт Тоқаев дауыстың 81,31 %-ін жинады. Ол үшін 6 456 392 адам дауыс берді.
"Осылайша, кеше жарияланған сайлаудың алдын ала қорытындысы расталды", - деді комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Комиссия мүшелері тиісті хаттамаға қол қойып, қаулыны қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының президенті ретінде тіркелді. Оған тиісті куәлік табысталады.
Айта кетері, комиссияның алдын ала қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31% дауысқа немесе 6 456 392 адамның сенеміне ие болды.