АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Ауыл тұрғындарының көбі тыныс алу органдары ауруынан зардап шегеді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, қазір ауылда ауылдарда шамамен 8 млн адам тұрады, бұл ел халқының 41 %-і. Ауыл тұрғындарына 5 мыңнан астам медициналық ұйым медициналық көмек көрсетеді.
"Жалпы медициналық-демографиялық жағдай елімізде тұрақты. Ресми статистика бойынша халықтың денсаулығы жақсарып, өлім-жітім 28,5%-ке төмендеді. Ауыл халқы денсаулығының талдауы бірінші орында 42,7% тыныс алу органдары ауруларынан зардап шегетінін көрсетіп отыр, ас қорыту – 9%", - деді Ғиният үкімет отырысында.
Министр пандемия жылдары шектеу шараларына байланысты ауыл халқына мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігі төмендегенін растады.
Қазір ауруларды ерте анықтау және уақтылы емдеу үшін ауқымды профилактикалық тексерістер енгізілуде. Жыныстық-жас құрамын, халықтың денсаулығын талдауды ескере отырып, нысаналы топ пен ауыл тұрғындарын қызметтерінің тізбесі кеңейтілді.
20 қазаннан бастап ауылдарда профилактикалық тексеріс бүкіл ел бойынша жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге кірмейтін дәрілердің қолжетімділігін арттыру үшін салалық заңнамаға ауылдық медициналық ұйымдарда дәріхана пунктерін құру туралы норма енгізілді.
Нәтижесінде осы жылдың төрт айында 230 елді мекенде 75 мемлекеттік және 161 жеке дәріхана ашылды.