Өңірлер

Атырау облысында жоғалған үш адам табылды

Sputnik
АСТАНА, 22 қараша - Sputnik. Атырау облысында жоғалған үш адам бір күннен соң табылды. Оның екеуі балық аулауға, біреуі мал іздеуге шыққан.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, екі жігіт 20 қарашада кешкі сағат 09:00-де жоғалып кеткен.
Құрсай ауылының екі тұрғыны – 23 және 21 жастағы екі жігіт моторлы қайықпен Каспий теңізіне қарай шығып кеткен. Алайда кері оралмаған.
"Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жоғалған балықшыларды Каспий теңізінің жағалауынан іздестіруді 20 қарашада сағат 09:32-де бастап, кешкі сағат 21:25-ке дейін жүргізді. Іздестіру жұмыстары жұмыстары 21 қарашада қайта жалғасып, сағат 11:25-те хабарсыз кеткен балықшылар табылды", -деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.
Сондай-ақ, Құрманғазы ауданында 40 жастағы әйелдің хабарсыз кеткені анықталды.
Әйел адам мал іздеуге шығып, үйіне кері оралмаған. Оны 8 адам 3 техникамен іздеп, күннен соң Сасықтау учаскесінен 15 шақырым қашықтан тапты.
Табылған үш адам медициналық көмекті қажет еткен жоқ.