Атырау облысында 14 жастағы оқушы суицид жасады

Sputnik
АЛМАТЫ, 22 қараша – Sputnik. Атырау облысыны Жылыой ауданындағы Жаңа Қаратон ауылында 19 қараша күні 14 жастағы жасөспірім өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқушы суицид жасаған сәтте үйінде жалғыз болған. Ата-анасы шаруалармен шығып кеткен. Ал бауырлары үйде болмаған. Кеш бата баласын іздеген ата-ана оның ұялы телефонына хабарласқан. Телефон қоңырауы үйдің шатырынан шыққан. Шатырға шыққан олар жасөспірімнің өлі денесін тапқан.
"Қазақстан Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша "суицидке жеткізу" бойынша тергеу жүріп жатыр. Қалған ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - деп мәлімдеді Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.
Оқиға
Астанада бірінші курс студенті өзіне қол салды