Президент сайлауы - 2022

Назарбаев Тоқаевты жеңісімен құттықтады

Sputnik
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс Қазақстан республикасының президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады.
"Сізді Қазақстан республикасының президенті сайлауындағы айқын жеңісіңізбен риясыз көңілмен құттықтаймын! Бұл – мемлекет басшысы ретіндегі беделіңіздің айшықты айғағы, сондай-ақ ауқымды реформаларыңыз бен тың бастамаларыңызға және тәуелсіздік тағдыры таразыға тартылған сын сағатта көрсете білген табанды да шешімтал мінезіңізге, ақыл-парасатыңызға деген халықтың қалтқысыз сенімінің даусыз дәлелі", - делінген құттықтауда.
Сонымен қатар бұрынғы президент Тоқаевқа алдағы уақытта да баршаның алғыс-ризашылығы мен құрметіне бөлене беруіне тілектес екенін жеткізді.