28 градусқа дейін аяз болады – үш күнге болжам жасалды

Sputnik
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады, деп хабарлады Қазгидромет синоптиктері.
Метеорологтар солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде қар жауады, 22-24 қарашада республиканың оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, ал 23 қарашада шығыста қалың қар жауады деп болжады.
Республикада жел күшейіп, көктайғақболып, тұман түседі, республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында бұрқасындатады.
Түнде солтүстікте, шығыста және орталықта ауа температурасы 17-28 аязға дейін төмендейді.