АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауында дауыс берді.
Ол Астанада Оқушылар сарайындағы сайлау учаскесіне таңғы сағат 9 шамасында келді.
"Президент сайлауынан кейін үкіметке отставкаға кетудің қажеті жоқ. Алайда өзгерістер болады. Парламент сайлауы бойынша жыл соңына дейін мәлімдеме жасайтын боламын", - деді мемлекет басшысы.
Тоқаев өз сөзінде Қазақстанда билікте ешқандай монополия болмайтынын атап өтті.
"Жеті жыл президенттік мерзім үшін жеткілікті. 21 жыл ішінде Қазақстанда 3 президент болады", - деді өз сөзінде.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бірнеше саяси партия мен республикалық қоғамдық бірлестік халықтық коалиция ретінде ұсынды. Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевті 12 қазанда үміткер ретінде тіркеді.
Халық жаңа президентті алты кандидаттың арасынан таңдайды. Олардың ішінде қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та бар.
Биыл алғаш рет президент сайлауының бюллетеніне "Бәріне қарсымын" тармағы қосылып отыр. Конституцияға сәйкес, осы жолы мемлекет басшысы жеті жылға және тек бір мерзімге сайланады.