Президент сайлауы - 2022

Сағат 12.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 38,55%-і дауыс берді

Sputnik
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы сағат он екідегі жағдай бойынша өңірлерде дауыс берген қазақстандықтардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қараша сағат 12.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 38,55 %-і немесе 4 606 596 азамат бюллетень алды", - деді ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов.
Сайлаушылардың келу көрсеткіші бойынша өңірлер арасында Алматы қаласы әлі көш соңында. Қала тұрғындарының тек 16,89 пайызы өз таңдауын жасаған.