АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Республиканың он бес өңірінде сайлау учаскелері жабылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қалған бес өңірде – Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында сайлау учаскелері жергілікті уақытпен кешкі 20.00-де, елорда уақытымен сағат 21.00-де жабылады.
Айта кетері, кезектен тыс президент сайлауында 11 млн 950 мың 485 қазақстандық дауыс беру мүмкіндігіне ие болды. Ол үшін барлығы 10 101 сайлау учаскесі ашылды.
Сайлаушылар мемлекетті алдағы жеті жыл басқаратын жаңа президентті 6 кандидаттың арасынан таңдады. Үміткерлер арасында екі әйел кандидат бар.
Сонымен қатар биыл алғаш рет бюллетеньге "Бәріне қарсымын" деген тармақ енгізілді.