Президент сайлауы - 2022

Президент сайлауы: еxit poll нәтижесі жарияланды

Sputnik
АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы бойынша exit poll нәтижесі жарияланды.
"Ашық қоғам" аймақтық зерттеулер халықаралық институты өткізген экзитпол нәтижесі:
Қарақат Әбден - 2,54%
Нұрлан Әуесбаев – 2,17%
Жигули Дайрабаев - 3,33%
Мейрам Қажыкен - 2,23%
Қасым-Жомарт Тоқаев - 82,45%
Салтанат Тұрсынбекова - 2,08%
Бәріне қарсымын - 5,2%.
Бұл экзитполға "Қазақстан" телерадиокорпорациясы тапсырыс берген.
"Amanat" партиясының қоғамдық саясат институты өткізген экзитпол нәтижесі:
Қарақат Әбден - 2,61%
Нұрлан Әуесбаев – 1,93 %
Жигули Дайрабаев - 2,67%
Мейрам Қажыкен - 2,43%
Қасым-Жомарт Тоқаев - 85,52%
Салтанат Тұрсынбекова - 1,44%
Бәріне қарсымын – 3,4%
Астана кешенді әлеуметтік зерттеулер институты өткізген экзитпол нәтижесі:
Қарақат Әбден – 2,84 %
Нұрлан Әуесбаев – 2,38%
Жигули Дайрабаев - 3,68%
Мейрам Қажыкен - 2,62%
Қасым-Жомарт Тоқаев - 82,02%
Салтанат Тұрсынбекова - 2,24%
Бәріне қарсымын – 4,22%
Экзитпол 31 арнаның тапсырысымен жүргізілді.
Бүгін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, сағат 22.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 69,43%-і немесе 8 299 501 адам дауыс берді.
Ең төменгі көрсеткіш республикалық маңызы бар үш қалада тіркелген. Олар:
1.
Алматы қаласы – 28,72%
2.
Астана қаласы – 48,60%
3.
Шымкент қаласы – 59,79%.
Ал қалған өңірлерде 66-81 проценттің маңайында. Ең жоғары көрсеткіш Жетісу облысында, ол өңірде сайлаушылардың 81,42 проценті дауыс берген.