АСТАНА, 20 қараша — Sputnik. Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" театрында орналасқан сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.
Ол билікті тапсырған кезде таңдау жасап қойғанын атап өтті.
"Ол таңдау өзгермейді. Айтайын дегенім, қазір халқымызға бірлік керек, тәуелсіздік бар, мемлекет құрылды, астанамыз салынды. Бірақ әлі де жұмыс көп. Ол үшін халықтың бірлігі керек, барлығы бір президенттің маңайында топтасуы қажет. Ол Қазақстан халқы үшін маңызды, біздің адамдар оны түсінеді деп ойлаймын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.