АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы сағат 22.00-дегі жағдай бойынша кезектен тыс президент сайлауында дауыс берген сайлаушылардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Елдің барлық өңірінде 10 мыңнан астам сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды. Тек шет елдерде 44 сайлау учаскесі әлі жұмысын жалғастырып жатыр.
Орталық сайлау комиссиясының ақпаратынша, сағат 22.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 69,43%-і немесе 8 299 501 азамат дауыс берді.
Елдің барлық өңірінде 10 мыңнан астам сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды. Тек шет елдерде 44 сайлау учаскесі әлі жұмысын жалғастырып жатыр.
Орталық сайлау комиссиясының ақпаратынша, сағат 22.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 69,43%-і немесе 8 299 501 азамат дауыс берді.
Өңірлер бойынша:
Абай облысы – 80,18 %
Ақмола облысы – 78,87 %
Ақтөбе облысы – 72,81 %
Алматы облысы – 72,10 %
Атырау облысы – 70,87 %
Батыс Қазақстан облысы – 68,67 %
Жамбыл облысы – 79,57 %
Жетісу облысы – 81,42 %
Қарағанды облысы – 78,39 %
Қостанай облысы – 79,28 %
Қызылорда облысы – 81,07 %
Маңғыстау облысы – 66,99%
Павлодар облысы – 77,58%
Солтүстік Қазақстан облысы – 79,01%
Түркістан облысы – 80,37%
Ұлытау облысы – 75,48 %
Шығыс Қазақстан облысы – 79,49 %
Астана қаласы – 48,60%
Алматы қаласы – 28,72%
Шымкент қаласы – 59,79%.
Республиканың басым бөлігінде сайлау учаскелері таңғы жетіде ашылып, кешкі сегізде жабылған болатын. Тек батыс өңірлер мен Қызылорда облысында уақыт белдеуіндегі айырмашылыққа байланысты дауыс беру бір сағатқа кеш басталды.
Экзитполдың нәтижесі түнгі сағат он екіден кейін жарияланады – халыққа кандидаттардың болжаммен қанша дауыс жинағаны хабарланады.
Президент сайлауында 11 млн 950 мың 485 қазақстандық дауыс беру мүмкіндігіне ие болды. Қазақстандықтар болашақ президентті алты кандидаттың арасынан таңдады. Олардың ішінде қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та бар.