АЛМАТЫ, 20 қараша – Sputnik. Алматыда сайлау кезінде митинг болды. Рұқсат етілмеген шараға шыққандарды полиция бөлімшелерге алып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Осыған байланысты ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті бұзу деректерінің жолын кесу үшін заңнамада көзделген шараларды қабылдады. Рұқсат етілмеген әрекеттерді ұйымдастырушылар мен белсенді қатысушылар ішкі істер органдарына жеткізіліп отырды. Олардың кейбіреулері азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық актінің, сот үкімінің минимумы және рұқсат ету туралы талаптары ескеріліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылса, кейбірі профилактикалық әңгімелесуден кейін босатылды", - деп мәлімдеді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Баспасөз қызметінің айтуынша, полиция қызметкерлері заңға сәйкес әрекет етті.
"Тәртіп сақшылары азаматтармен қарым-қатынас кезінде өзін барынша дұрыс ұстады, құқық бұзушыларды жеткізу кезінде арнайы құралдар қолданылмады", - дейді Салтанат Әзірбек.