Президент сайлауы - 2022

Алматы облысы: 606 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады

Sputnik
АЛМАТЫ, 20 қараша - Sputnik. Алматы облысындаі 606 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады. Өңірдегі сайлаушылар саны 944755 адам, деп хабарлайды Алматы облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Садыков Ерзат.
Қонаев қаласындағы №949 сайлау учаскесінде алғашқы болып ардагерлер кеңесінің мүшесі Амангелді Керімбеков өз дауысын берді.
"Халқыма бірінші тыныштық болсын дегім келеді. Сонда біздің ұрпақтарымыз қиындық көрмей өтеді. Кейінгі жастар Қазақстанды әлемге танытсын. Өз даусымды елімнің тыныштығы үшін бердім", – деді Қонаев қаласының 79 жастағы тұрғыны Амангелді Керімбеков.
Оған №949 сайлау учаскесінің төрағасы Анар Абышева бірінші болып келгені үшін сый-сияпат табыс етті. Бұл учаскеде 1737 адам тіркелген.
Айта кетейік, жалпы облыс орталығында 33 сайлау учаскесі жұмыс жасайды.