АСТАНА, 20 қараша — Sputnik. "Turkish Airlines" түрік авиакомпаниясының еншілес кәсіпорны "AnadoluJet" түрік тасымалдаушысы Алматы-Анкара жаңа бағытын ашты.
Рейстерді "AnadoluJet" тасымалдаушысы аптасына 2 рейс жиілігімен В-737 үлгісіндегі әуе кемелерінде орындайтын болады.
Бұл рейстің ашылуы Қазақстан мен Түркия арасындағы сауданы, туризмді, бизнесті дамытуға оң әсерін тигізеді.
Президентінің тапсырмасы бойынша шілдеде Қазақстан мен Түркияның авиациялық билігі екі ел арасындағы рейсердің санын ұлғайту жөнінде келіссөздер жүргізді. Аталмыш бағыт сол келісімді жүзеге асыру аясында ашылды.