АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде ертең ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр, қар жауады.
Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жел күшейеді, шығыста және орталықта аздаған бұрқасын болады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қалың қар жауады, Түркістан, Алматы облыстарының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болады.
Ірі қалалардағы ауа райы
Астанада көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні 9-14 м/с болады. Түнде 15-17, күндіз 9-11 аяз болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығып, өткінші жаңбыр жауады. Жел екпіні 3-8 м/с болады. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 8-10 жылы болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығып, өткінші жаңбыр жауады. Жел екпіні 8-13 м/с болады. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 10-12 жылы болады.