Қарақұйрықты өлтірген жігіт 18 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін

Sputnik
АСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Жамбыл облысында жабайы аңның етіне құмар азамат ұсталды.
Ол Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты (джейран) жайратып салған. Шу қаласының тұрғыны енді 18 миллион теңге айыппұл төлеуі мүмкін, деп хабарлады КТК.
29 жастағы тұрғын құрып кету қаупі бар жануарды Жиенбет ауылынан 25 шақырым жердегі алқаптан атып алған. Браконьер оның етін бөлшектегелі жатқан жерінен қолға түсті.
Күдіктіден 16-шы калибрлі қос ұңғымалы мылтық тәркіленді. Ұсталған азамат сирек кездесетін аңды атып алғаны үшін қомақты айыппұл төлейді немесе 6 жылға түрмеге жабылуы мүмкін.
Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген арқарды сойып алған жігіт ұсталды