Украинада жүрген 11 қазақстандық Польшада дауыс береді

Sputnik
АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Варшавадағы сайлау учаскелеріне Украина аумағында тұратын қазақстандықтардан 11 өтініш түскен. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне Қазақстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.
"Украинада жүрген Қазақстан азаматтары мен елшілік қызметкерлері Польша астанасы Варшавада дауыс бере алады. Қазір Украинадағы сайлаушылар тізімінде 11 қазақстандық бар", - деп хабарлады сыртқы саяси ведомство.
Айта кетері, 20 қарашада өтетін президент сайлауында шетелде жүрген Қазақстан азаматтары әлемнің 53 еліндегі 68 сайлау учаскесінде дауыс бере алады.
Президент сайлауы - 2022
Бас санитар дәрігер сайлауға бетпердемен баруға кеңес берді