АСТАНА, 18 қараша — Sputnik. Полиция Талдықорғанда оқушы қызды аңдыған ер адамды анықтауға және ұстауға қатысты іс-шаралар ұйымдастырды.
16 қараша кешкі уақытта Талдықорғанда белгісіз ер адам 12 жастағы қызға тиіспек болған. Видео әлеуметік желіде жарияланды.
Полицияның хабарлауынша, бала зардап шеккен жоқ.
"Аталған факт бойынша күдіктіні анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды. Арнайы іс-шаралар қалалық полицияның күшімен жүзеге асырылуда, оларға облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілдері де қосылды", - делінген хабарламада.
Тергеу жүргізілуде, іс Жетісу облысы полиция департаментінің ерекше бақылауына алынған.