АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Республикалық маңызы бар тасжолдар ашық, деп хабарлайды "Қазавтожол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.
"Қысқы күтіп-ұстау аясындағы жұмыстар күшейтілген режимде жалғасуда. Республикалық маңызы бар жолдарда күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруға 270 бірлік арнайы техника мен 440 жолшы маман жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Айта кетері, кеше сағат 23.30-дан Батыс Қазақстан өңірінде ауа-райының нашарлауына байланысты “Орал-Тасқала” тасжолының 4-104 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілген еді.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мамандары жолдағы өзгерістерге жедел ден қою мақсатында тәулік бойы мониторинг жүргізуді жалғастыруда.