Қызылордалық студенттер күріштен қағаз шығарады

Sputnik
АСТАНА, 18 қараша - Sputnik. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері күріштен қағаз шығаруды үйренді. Оны сапасы сапасы айналымдағы кеңсе қағаздарынан кем түспейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Astana TV арнасына сілтеме жасап.
Аймақта бір жылда шамамен 500 мың тонна күріш жиналады. Бұдан шығатын қалдықтың да көлемі соған пара-пар. Дән жиналғаннан кейін, сабандар алқаптарда өртеледі. Ал оның адам денсаулығына зияны көп дейді жас ғалымдар. Сондықтан да күріш қалдықтарын кәдеге жаратып, қағаздың негізгі шикізатын ойлап тапқан.
"Целулоза бізде қарапайым А4 кеңсе тауары болып табылады. Осының құрамында бар. жалпы біз жасаған целулозаның проценті толығымен стандарттық жобаларға сай келеді. Толығымен қағаз болып шығу үшін, біздің алғанымыз кішкене бөлекшері. Бұған бірінші кезекте үлкен жұмыс күші және үлкен үлкен аппараттар да қажет болады", - дейді студент Мағжан Бекқожаев.
Бұл шикізаттан кеңсе қағазынан бөлек, майлық, дәретхана қағазын шығаруға болады. Тіпті, әскери құрылғылар жасауда да қолданылады екен. Мұндай жоба бұрын соңды елімізде болмаған.
"Алматы қағаз шығаратын завод бар. сол заводтың өкілдері келіп, біздің жұмыспен қызығып, біздің үлгілерімізді алып кетті. Одан бөлек, ресейлік ғалымдар бар. Ғылым қорының басшылығы да келіп, осы жұмысқа қызығушылық танытты. Қазір инвестор болуға дайын тұрған бизнес әріптестеріміз де бар", - деп атап көрсетті профессор Нұрбол Аппазов.
6 жылдық еңбектің нәтижесін көрген ғалымдар күріш сабанын зерттеуді одан әрі жалғастырмақ. Олар енді биотыңайтқыштар жасап жатыр.