Оқиға

"Қазақмыс" кенішінен ер адамның мәйіті табылды

Sputnik
АЛМАТЫ, 18 қараша – Sputnik. 17 қарашада "Қазақмыс" корпорациясының кен орнында ер адамның мәйіті табылды. 40 жастағы ер адамды пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
17 қарашада "Қазақмыс" корпорациясы "Жомарт" кенішінің аумағында жер бетінде "Строй шахта проект" ЖШС мердігерлік ұйымының 40 жастағы қызметкерінің күш қолдану белгілері бар мәйіт табылды.
"Қайтыс болған адам "Қазақмыс" жұмыскері емес. Өскемен қаласының мердігер компаниясының жұмыскері. Оқиға шахтаның астында емес, жер бетінде болған жағдай", - дейді "Қазақмыс Холдинг" ЖШС қоғамдық байланыс және коммуникациялар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Дархан Мұхан.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жедел - іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтау және ұстау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.