АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына үш бөлмелі пәтердің сертификаты табыс етілді.
Астана әкімдігі пәтер демеушілер қаражаты есебінен берілгенін хабарлады. Зардап шеккен тағы бір өрт сөндіруші Аян Кемпіровтың отбасына ипотекасын жабуға көмек көрсетіледі.
Сондай-ақ екі отбасының кредитін төлеуге көмек көрсетіледі, оның жалпы сомасы – 6 миллион теңге
Еске сала кетейік, 16 қарашада өрт сөндірушілер бес адамды өрттен алып шықты. Дәрігерлердің айтуынша, Асқар Забикулиннің жағдайы ауыр, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Кемпіровтың жағдайы орташа ауыр.