АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Астана сотында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты сот отырысы басталды.
Бас прокуратура Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшылығына қатысты қылмыстық істі зерделеу қорытындысы бойынша тергеу органының айыптау актісі бекітілгенін бұған дейін хабарлаған болатын.
Қылмыстық іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына қарауға жіберілді.
"Айыпталушы Мәсімов (ҰҚК экс-төрағасы) мен Садықұловтың (ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары) ісі ауыр зардаптарға әкеп соққан мемлекетке опасыздық жасау, билікті күштеп тартып алу, билікті және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану баптары бойынша қаралады", - деп хабарлады прокуратура.
Ерғожин (ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары) өзіне және басқа адамдарға пайда мен артықшылық алу мақсатында билікті күштеп басып алу, билікті және өкілеттіктерді теріс пайдалану бабы бойынша істі болды. Өсіпов (ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары), Ақыпов (ҰҚК департаменті бастығының бұрынғы орынбасары) және Бекмұрат (ҰҚК басқармасының бұрынғы бастығы) Қылмыстық кодекстің әртүрлі бабы бойынша айыпталған.
Ведомство қылмыстық іс тергелгенін және "өте құпия" деген таңба басылғанын атап өтті.