АСТАНА, 17 қараша - Sputnik. Ақтөбе облысында ВАЗ-21115 бен ГАЗель бетпе-бет соқтығысты. Жеңіл көлікте болған екі адам оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Жол апаты 16 қарашада Шалқар - Базой автожолында Байқадам кентіне жақын жерде болған.
Ресми мәліметке сәйкес, ВАЗ-21115 автокөлігінің 44 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Дәл алдынан ГАЗель шықты. Екеуі бетпе-бет соқтығысты.
ВАЗ көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды.Ал ГАЗель жүргізуші мен екі жолаушы Шалқар қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.
Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды.