АСТАНА, 17 қараша – Sputnik. Жыл басынан бері 496,6 мың көпбалалы отбасыға 283,7 миллиард теңге жәрдемақы төленді. Соның ішінде қазан айында 494 мың отбасы 29,9 млрд теңге жәрдемақы алды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Мемлекеттік жәрдемақы кәмелетке толмаған 4 және одан көп, немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасыларға табысына қарамастан беріледі.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді:
төрт балаға – 50 975 теңге,
бес балаға – 63 727 теңге,
алты балаға – 76 479 теңге,
жеті балаға – 89 231 теңге,
сегіз балаға – 101 760 теңге,
тоғыз балаға – 114 480 теңге,
он балаға – 127 200 теңге,
он бір балаға – 139 920 теңге,
он екі балаға – 152 640 теңге,
он үш балаға – 165 360 теңге,
он төрт балаға – 178 080 теңге,
он бес балаға – 190 800 теңге,
он алты балаға – 203 520 теңге немесе әр балаға 12 720 теңге.
Еске салсақ, көпбалалы отбасыларға олардың табысын есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап төленеді.