Фото

Балидегі G20 саммиті аясындағы "бейресми" суреттер

Балидегі аптап ыстық әлемдік деңгейдегі саясаткерлерді біраз терлеуге мәжбүр етті. Жыл он екі ай күн ыстық болатын Бали аралындағы ауа райында ресми дресс-кодты сақтап, костюм мен пиджак және ақ жейде киіп, галстук тағу қиынға соқты.
Sputnik
Сондықтан G20 саммитіне қатысушылардың қандай жағдайға тап болғанын елестету қиын емес. Оның үстіне, келіссөз кезіндегі күрделі мәселелер мен қызу талқылаулар да жағдайды ушықтыра түскендей.
Сол себепті, жетекші шетелдік агенттіктердің фотографтары лауазымды тұлғалардың кейбірі ес тандырарлықтай ыстыққа шыдай алмай, уақытша костюм мен галстугын шешіп, тыныстап отырған сәттерін қалт жібермей, суретке түсіріп алды.
Шыны керек, кейбір танымал саясаткерлер күннің аптап ыстығына қарамастан, костюмдерін шешпей, мейлінше шыдап жүрді.
Саммитің бейресми бөлігінен түсірілген қызықты суреттерді топтамадан тамашалаңыздар!
1 / 11

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо G20 саммиті аясында аптап ыстықты жеңілдету үшін терлеген мойнын орамалмен сүртіп жатыр.

2 / 11

Франция президенті Эммануэль Макрон Индонезиядағы Нуса-Дуадағы G20 саммитінде түскі ас алдында костюмін шешіп, күліп отыр.

3 / 11

Индонезия президенті Джоко Видодо Халықаралық валюта қорының директоры Кристалина Георгиева және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) бас хатшысы Матиас Корманмен бірге баггидте кетіп бара жатыр.

4 / 11

Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің әйелі Пэн Лиюань (солдан оңға), Испания премьер-министрі Педро Санчестің әйелі Мария Бегона Гомес Фернандес, Жапония премьер-министрінің әйелі Фумио Кишида Юко, президент Джоко Видодоның әйелі Ириана және Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның әйелі Эмине арал тұрғындарының би қойылымын тамашалап тұр.

5 / 11

Президент Джо Байден Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен Индонезияның Бали аралындағы Нуса-Дуадағы G20 саммитінде суретке түсіп тұр.

6 / 11

Индонезия жастары Денпасарда (Бали) Балидегі G20 саммитіне келген мемлекет басшыларын қарсы алуға дайындалып жатыр.

7 / 11

Тағы бір "костюмсіз" кездесу: Канада премьер-министрі Джастин Трюдо мен Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак Art Cafe Bumbu Bali-де үстел басында әңгімелесіп отыр.

8 / 11

Франция президенті Эммануэль Макрон тағы да галстуксіз жүр. Сурет G20 саммиті аясында Индонезияның Бали аралындағы Нуса-Дуада ресми кешкі ас кезінде түсірілген.

9 / 11

Индонезияның Бали G20 саммиті жазуының арасынан теңізде жүзіп бара жатқан кеме көрініп тұр.

10 / 11

ФИФА президенті Джанни Инфантино G20 саммитінде пиджак пен галстукты шешпеді.

11 / 11

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Бали аралының аптап ыстығына қарамастан ресми киімді қатаң ұстанды.