Алматы облысында әйел көлігімен баланы қағып кетті

Sputnik
АЛМАТЫ, 17 қараша - Sputnik. Алматы облысы Шелек ауылында 12 жастағы жасөспірімді әйел адам көлігімен қағып кетті. Жасөспірім сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға 16 қарашада сағат 14:00-де болған. Honda Avancier жеңіл автокөлігін тізгіндеген 34 жастағы әйел Момышұлы көшесінің бойында жаяу жүргінші белгісінен өтіп бара жатқан жасөспірімді қатты жылдамдықпен қағып кетті.
12 жастағы оқушы оқиға орнында қайтыс болды. Бейнежазба әлеуметтік желіде тараған.
"Бұл факт ҚР қылмыстық кодексінің 345 бабы 3 бөлімімен Еңбекшіқазақ аудандық ПБ -де тіркелді. Қазіргі күні тергеу жүріп жатыр", - деп мәлімдеді полиция