Оқиға

Ұлытау облысында шағын автобус аударылды: бір адам қайтыс болды – видео

Sputnik
АСТАНА, 16 қараша - Sputnik. Ұлытау облысында жолаушылар тасымалдайтын шағын автобус аударылып кетті. Көлікте 20 адам болған, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін таңғы сағат 06.40-тың кезінде Павлодар – Қызылорда тас жолында жол апаты болды. Алдын ала болжамға сәйкес, Mercedes-Benz Sprinter автокөлігінің 53 жастағы жүргізушісі Ақтүбек ауылының маңында рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен.
Оқиға болған жерде 35 жастағы әйел қайтыс болды. Автобус салонында 20 жолаушы отырған. Жол апатына ауа-райының қолайсыздығы себеп болған.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Осы қылмыс үшін бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.