Қарағанды ​​облысында жаңа зауыт іске қосылады

Sputnik
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Қарағанды ​​облысында шина шығаратын зауыт іске қосылады деп жоспарланып отыр. Жаңа өнеркәсіп өндірісі мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
Жұмысшылар Нижнекаменск қаласында даярлықтан өтіп жатыр. 170 адам негізгі технологиялық мамандық бойынша өндірістік тәжірибеден өтті. Зауытқа қажетті мамандық иелерін дайындаумен Саран колледжі айналысып жатыр, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.
Құрастыру цехының шебері Ақылбек Имамағзамның айтуынша, оқу барысында олар автодөңгелек қақпағының құрамымен және оны құрастыру технологиясымен танысты.
Өндіріс алаңы 65 мың шаршы метрді құрайтын шина зауытын 2023 жылы іске қосу жоспарланып отыр. Жаңа қондырғылар орнатылып жатыр, құрылыс-монтаж жұмыстары жартылай аяқталды.
Жылына жеңіл және жүк көліктеріне арналған 3,5 миллион шина шығаратын зауыт Қазақстанның қажеттілігін өтейді, дейді кәсіпорын директоры Александр Смышляев. Ол әр дөңгелек қақпағы үш кезең бойынша сапа бақылауынан өтетінін айтты.