Өңірлер

Петропавлда әжесі үш айлық жиенінен бас тартты

Sputnik
АСТАНА, 16 қараша - Sputnik. Петропавлда 15 қарашада 39 жастағы әйел ювеналдық полиция бөлімшесіне 3 айлық немересінің тағдырын шешуде көмек сұрап жүгінген.
Оның айтуынша, баланың 18 жастағы анасы қазан айының соңында басқа қалаға жұмысқа кеткен және осы уақытқа дейін оралмаған. Әжесі мемлекеттік органдардан өзінен баланы алып кетуді сұраған.
Петропавл тұрғыны немересін полицияға әкеліп өткізді
Ювеналдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері мекенжайға барып қажетті актіні толтырды, кейін қыз бала көпбейінді облыстық балалар ауруханасына орналастырылды.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері сәбидің анасының жүрген жерін анықтауда. Оған қатысты ата-ана міндетін тиісті орындамау туралы мәселені комиссиялық жолмен қарау арқылы әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданатын болады.