Оқиға

Оралда саңырауқұлақ теруге кеткен зейнеткер із-түзсіз жоғалды

Sputnik
АСТАНА, 16 қараша - Sputnik. Орал қаласында орманға саңырауқұлақ теруге кеткен зейнеткер із-түзсіз жоғалды.
73 жастағы ер адамның хабарсыз кеткеніне он күннен асты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 1949 жылы туған Орал қаласының тұрғыны 5 қарашада таңертең саңырауқұлақ теруге орманға кеткен. Содан бері табылай жатыр.
"6 қарашада туыстары көмек сұрап, Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментіне жүгінді. Жоғалған адамды іздеуге "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы жұмылдырылды. Құтқарушылар 56 шаршы шақырым мен судағы ауданы 25 шақырымды қарап шықты", - дейді департамент мамандары.
Іздестіру жұмыстарына полиция, еріктілер, жергілікті тұрғындар, орманшылар мен әскери қызметкерлер қатысып жатыр. Олардың жалпы саны - 325 адам, 41 бірлік техниканы бар. Бірақ жоғалған зейнеткер әлі табылған жоқ.
Туыстарының айтуынша, жоғалған адам алкогольді асыра пайдаланбаған, есте сақтау қабілетінен айырылмаған. Өзімен бірге ұялы телефонын алмады.
Мамандар қандай да бір ақпарат болған жағдайда "112" (бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет) немесе 51-42-22 (БҚО ТЖД кезекші бөлімі) нөміріне хабарласуды сұрайды.