G20 көшбасшылары қорытынды декларацияны мақұлдады

Sputnik
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. G20 елдерінің көшбасшылары Индонезиядағы саммит қорытындысы бойынша декларацияны мақұлдады. Бұл туралы Рейтер агенттігі дипломатиялық дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.
"G20 көшбасшыларының декларациясы мақұлданды", - деп хабарлайды агенттік ақпарат көздеріне сілтеме жасап.
Еске салсақ, 15-16 қарашада Балиде G20 саммиті өтіп жатыр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Батыс елдерінің өкілдері мен Ресей және Қытай шенеуніктері арасындағы бірнеше күндік келіспеушіліктен кейін декларация мәтіні дүйсенбі күні кешке "жиырмалық" елдерімен келісілген, деп хабарлады РИА Новости.