АСТАНА, 16 қараша - Sputnik. Соңғы жекпе-жектен кейін комаға түскен кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды Suleimen Promotions компаниясы.
6 қарашада Ербосынұлы кубалық Дэвид Моррельге қарсы жекпе-жекте нокаутпен жеңілді. Оны зембілмен алып кетті. Ал ауруханада боксшы комаға түсті.
"Жағымды жаңалық. Біздің батырымыз, екінші орта салмақтағы боксшы Айдос Ербосынұлы отадан соң қарқынды терапия бөлімінен қарапайым палатаға ауыстырылды", - дейді Suleimen Promotions компаниясының мамандары.
АҚШ-тағы компания өкілінің хабарлауынша, боксшының денсаулығы едәуір жақсарған. Бірақ дәрігерлердің бақылауында болады.