АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Соңғы бірнеше күнде елорда көшелерінен 62 мың текше метрге жуық қар шығарылды. Қар полигондарына 4 708 рейс жасалды, деп хабарлайды Астана әкімдігі.
"Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Қар шығару жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр. 15 қарашада 2,3 мың жол жұмысшысы мен мыңға жуық мамандандырылған техника осы жұмыстарға тартылды", - деп жазылған әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
14-15 қараша аралығында Астана көшелерінен 8 мың текше метрден астам қар шығарылды. Ведомство атап өткендей, бұл 658 ауыр жүк көлігіне тең көлемдегі қар.