Алматыда жүк көлігі көпір астында кептеліп қалды

Sputnik
АЛМАТЫ, 16 қараша – Sputnik. Алматыда “Вольво” жүк көлігі жүргіншілер көпірінің астымен өте алмай, тұрып қалды, деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"16 қарашада 14 сағат 50 минутта, жүргізуші А.есімді азамат, тіркемесі бар “Вольво” көлігін басқарып, Рысқұлов даңғылымен батыс бағытта келе жатып жаяу жүргіншілер көпіріне соқтығысты. Нәтижесінде құрылым зақымдалды", - деді Алматы қалалық ПД анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.
Жүк көлігінің тіркемесі ажырап қалған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.