АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Ауа райының қолайсыздығына байланысты білім беретін мектептердің бірінші ауысымы үшін сабақ тоқтатылды. Бұл туралы қалалық білім бөлімі таратқан хабарламада жазылған.
"Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің ескерту хатына сәйкес, 2022 жылдың 15 қарашасында бөбекжай балабақшалар үшін оқу-тәрбие процесі және жалпы орта білім беретін мекемелердің бірінші ауысымы үшін сабақ тоқтатылатыны туралы ескертеміз", - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін 14-15 қараша күндері қала аумағында 30 м/с жылдамдықпен жел соғып, нөсер жауын жауып, көктайғақ болатыны және қалың тұман түсетіні туралы дабылды ескерту жасалған болатын.